Embraer 190 ұшақтарымен байланысты оқыс оқиғалар

Ақтауда маңында апатқа ұшыраған Embraer 190 жолаушылар ұшағын бразилиялық компания жасайды. Ол E-Jet сериялы әуе кемелерінің бір бөлігі болып саналады.

Алғаш рет 2004 жылы таныстырылған Embraer 190 ұшағы өзінің жоғары қауіпсіздігімен танымал. Десе де, онымен байланысты оқыс оқиғалар да жоқ емес. 2007 жылы Джет Блю Эйрвэйс ((JetBlue Airways)) компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағы қону кезінде тежеу жүйесінен ақау шықты. Соған қарамастан, сәтті қонды. 2011 жылы Эйеросвит Эйрлайнс ((Aerosvit Airlines)) әуе компаниясы ұшқыштың қателігінен Embraer 190 ұшағын жоғалтып алды. 2018 жылы Индонезияда Embraer 190 ұшағының жүйесі істен шығып,  әуе кемесі шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды. Оқиғаны тергеу кезінде қандай да бір ақау табылмаған. Тағы бір айта кетерлігі, осы модельдегі ұшақтың құстармен соқтығысып, апатқа ұшырауы алғаш рет тіркеліп отыр.