Биыл Канар аралдары Еуроодақ бойынша ең көп мигрантты қабылдады
Испанияның жағалау күзеті Канар аралдарының жағалауында 100-ден аса мигрантты құтқарды. Олар ағаштан жасалған 5 қайықпен суға батып бара жатқан жерінен аман қалған.
Канар аралдары Испания құзыретіндегі аймақ. Еуропадан алшақтау болғанымен Африкадан небәрі 100 шақырым жерде орналасқан. Сондықтан кәрі құрлыққа жетуді көздеген мигранттар алдымен осында жетіп алады да кейін Испания арқылы Еуропаның өзге елдеріне бет алады. Биыл мұнда 44 мыңдай адам заңсыз келген. Бұл Еуроодақ бойынша ең үлкен көрсеткіш.