Техас әуежайында 100-ден астам рейс кейінге қалды

Техас әуежайында 100-ден астам рейс кейінге қалды. Оған дүлей дауыл себеп. Осыған байланысты аймақтағы жедел әрекет ету қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Мамандар жолдардағы жағдайды бақылап, төтенше жағдайларда әрекет етуге тас түйін дайын. Өз кезегінде жергілікті билік өкілдері тұрғындарды әкімшіліктің ұсыныстары мен ескертулерін бұлжытпай орындауға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін метеорологтар Техас, Луизиана және Арканзас штаттарында жылдамдығы сағатына 128 шақырымға дейін жететін жел соғатынын ескерткен болатын. Ол апта соңына дейін созылады.