Әлемде Boeing ұшақтарына қатысты болған оқыс оқиғалар

Муан қаласында апатқа ұшыраған ұшақтың Boeing 737-800 екені белгілі.

Бұл әлемдегі корпусы тар жолаушылар лайнері болып саналады. Тарихта Boeing 737-800 апатқа ұшырап, көп адам көз жұмған ірі оқиғалар болған. 2018 жылы Индонезия компаниясына тиесілі әуе кемесі аспанға көтерілген бетте апатқа ұшырады. Одан бірнеше айдан кейін "Эфиопия Эйрланз" ұшағы құлаған. Жалпы алғанда 346 адам жан тапсырды. Тергеу нәтижесі апаттарға автоматты басқару жүйесіндегі ақаудың себеп болғанын көрсеткен. Кейін "Боинг" компаниясы 737 Max лайнерінің ұшу қауіпсіздігі саласын реттеушіден мәселенің барын жасырып келгенін мойындады. 737 Max-тың 737-800-ден біраз айырмашылығы болса да аталған қайғылы оқиғалар компанияның беделіне үлкен нұқсан келтірген. Биыл қазанда АҚШ-тың Қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңесі бірнеше ақау тауып, тексеріс жүргізді.