Өзбекстан ЕАЭО елдерінің азаматтарын мемлекетішілік құжаттарымен қабылдауға дайын
Өзбекстан Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің азаматтарын мемлекетішілік құжаттармен қабылдауға дайын.
Мұндай бастама Шавкат Мирзиёев тарапынан көтеріліп отыр. Өзбек елінің басшысы алып нарықпен өзара сауданы ұлғайту үшін кедергілерді жойып, тарифтік шектеулерді қайта қарауды ұсынды. Қазір Өзбекстан бірыңғай кедендік транзит жүйесін енгізу мен тауар және көлік жайлы деректерді электронды түрде алмасуға басымдық беруде. Тіпті қаржылық қолдауға көбірек қол жеткізу мақсатында келер жылы Еуразиялық даму банкіне мүше болуға да ниетті. Бұдан бөлек, көрші ел билігі одақтың іскерлік кеңес жиынын Ташкентте өткізу жөнінде ұсыныс жолдады. Еске салайық, Өзбекстан Қазақстанмен арадағы шекаралық кеден бекеттерін толыққанды жаңғыртып жатыр. Кейбірі пайдалануға берілген.
Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан Республикасының президенті:
- Келер жылы Гишти-Гуприк, Науаи, Дәуіт ата, Шауат және Гүлбахар шекара бекеттерінде қосымша дәліздер ашылып, өткізу қуаттылығы 5 есе арттырылады. Қазір біздің мемлекетіміз әлемдегі геосаяси мәселелерге қарамастан, жалпы ішкі өнімін 6,3 процентке өсіріп, 111 млрд долларға көбейтті. Ал ауыл шаруашылығына 38 млрд доллар инвестиция құйылып, экспорт 26 млрд-тан асты.