Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық артты
Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық артты
Қаңтар-қазан айлары аралығында екіжақты тауар айналымы 41,2 миллиард долларды құраса, еліміздегі еуропалық инвестицияның жалпы көлемі 180 миллиард долларға жетті. Еуропалықтардың қатысуымен үш мыңнан астам компания жұмыс істейді.
Еуроодақ еліміздің негізгі сауда және инвестициялық серіктесінің бірі. Ал еуропалықтар үшін Қазақстан Орталық Азияда маңызды рольге ие басты серіктес мемлекет болып саналады. Одақпен тығыз ынтымақтастық орнаған. Ағымдағы жылдың 10 айында екіжақты тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23%-ға жоғары. Қазақстанның ортақ аймаққа экспорты 32,6 млрд долларды, ал Одақтан елімізге импорт 8,6 млрд долларды құрады. Екі жақты саяси өзара іс-қимыл да күшейді.
Марғұлан Баймұхан, ҚР Бельгия мен Люксембургтағы төтенше және Өкілетті елшісі, еуроодақ және нато жанындағы қр миссиясының басшысы:
- Осы жылда бірнеше Еуроодақтың делегациялары Астанаға ресми сапарымен келді. Оның арасында жоғары деңгейдегі Еурокомиссарлар Астанаға жұмыс сапарымен келді. Екінші жағынан Брюссельге біздің жоғары деңгейдегі делегациялар, министрлік басшылары бастаған, осы жерде келіссөздер өткізіп, соның нәтижелерің көрді. Тағы бір маңызды мәселе Қазақстанның азаматтары үшін виза жеңілдеті мәселесі. Әрине бұл біраз уақыт алатын жұмыс, бірақ келесі жылда тағы бір осы маңызды бағытта белсенді жұмыс істейтіңімізге мен сенемін.
Тери Хакала, Еуроодақтың Орталық Азиядағы арнайы өкілі:
- Еуродақтың Орталық Азиямен және Қазақстанмен қарым-қатынасы қарқынды дамып келеді. Қазақстан біздің ұзақ мерзімді стратегиямызда маңызды рольге ие. Көп салада өзара тиімді ынтымақтастық орнаған әрі көп мәселе бойынша ұстанымыз бір.
Өткен жылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуда ілгерілеушілікке қол жеткізілді. Үйлестіру платформасы іске қосылды. Жақын арада тараптар маңызды пайдалы қазбалар саласында стратегиялық әріптестік жөніндегі Жол картасына қол қоюды көздеп отыр. Сонымен қатар көлік-логистика, климаттың өзгеруі және жасыл энергетика секторында да серіктестікті күшейтуге көңіл бөлініп жатыр.
Марғұлан Баймұхан, ҚР Бельгия мен Люксембургтағы төтенше және Өкілетті елшісі, Еуроодақ және НАТО жанындағы ҚР миссиясының басшысы:
- Биыл соның нәтижесі ресми ретінде бірінші алғашқы жаңа құрамындағы Еуропарламенттің делегациясы Қазақстанға ресми сапарымен барып келді. Олар Астана мен Алматыда болып, белсенді келіссөздер өткізіп, жалпы өздеріннің әріптестерімен, мажилисмендермен танысып, келіссөздер өткізді. Осы жылдың басында біз үлкен Еуропадағы Еурокомиссия бастамасымен жасалған инвесторлық форумға қатыстық. Қазақстан делегация ең ірі, ең үлкен делегация болды. Соның нәтижесі 10 миллиард еуроға өңірлік келісімге келген жетістіккее келген. Соның ішінде 1,5 миллиард еуро Қазақстанда инфрақұрылым арнайы Меморамдумға қол қойылды. Менің ойымша, келесі жылда осы жобалырды біз бедсенді бастап, біз іске асамыз.
Осымен қатар қазақстандықтар үшін Еуропалық визалық режимді жеңілдету туралы келісім бойынша жұмыс жалғасады. Қазақстан-Еуроодақ деп аталатын көлденең авиация туралы келісімге қол қоюға ниеті. Құжат екі жақтың бизнес қауымдастығы мен екі ел арасындағы байланысты нығайтуға арналған.
Антонио Бускардини, Travel Tomorrow компаниясының директоры:
- Жақында Қазақстан мен Австрия және Венгрия арасында жаңа әуе жолдары ашылады. Бұл Қазақстан үшін өте маңызды туристік бағытқа айналуы мүмкін. Өйткені Еуродақта саяхаттауды ұнататын 500 миллион адам тұрады. Ал жетекші халықаралық «Lonely Planet» туристік басылымы Қазақстанды 2025 жылы саяхаттауға ең жақсы елдер рейтингіне қосты. Бұл қазақ елінің жаһандық туристік бағыт ретінде өсіп келе жатқан тартымдылығын көрсетеді.
Еуроодақпен әріптестік еліміздің сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып қала береді. Қазақстан кәрі құрлыққа қажетті маңызды шикізатты тұрақты жеткізу бойынша Еуропаның негізгі серіктесі. Біздің елдің аумағы арқылы 13 халықаралық көлік дәлізі өтеді. Бұл жүк тасымалдауды одан әрі арттырып, өзара серіктестікті кеңейтуге мүмкіндік береді.
Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов