Корея авиация қауіпсіздігі жүйесін жаңартады
Оңтүстік Корея билігі авиациялық қауіпсіздік жүйесін жаңарту тапсырмасын берді.
Бұған Муан қаласындағы халықаралық әуежайдағы ұшақ апаты себеп. Енді Боинг 737-800 үлгісіндегі барлық лайнер тексеріледі. Елдегі әуе тасымалдаушылардың көбі осы модельді жиі қолданады. Қазір Оңтүстік Кореяда мұндай 101 ұшақ бар. Алдын ала мәлімет бойынша кешегі апатқа ұшақ дөңгелегіне қатысты ақау себеп болуы мүмкін. Бүгін дәл осы үлгідегі өзге лайнерде дөңгелегінде қиындықтар туындап, ол әуежайға кері қайтуға мәжбүр болған.