Германиядағы мектепте гуманоид робот сабақ береді
Германияның Дельменхорст қаласындағы мектепте алғаш рет жасанды интеллектмен жабдықталған робот оқушыларға сабақ бере бастады.
Мұғалімдік қызметке кіріскен «Капча» есімді гуманоид жоғарғы сыныптың студенттеріне жасанды зерденің адамзатқа ықпалы тақырыбында дәріс оқып, пікірталас өткізеді. Оқушылар онымен сабақ өте қызықты өтетінін айтады. Ал «Темір мұғалімді» гонконгтық «Хидоба» компаниясы жасап шығарған. Педагогикалық мансабынан бөлек Капча заманауи технологияларға қатысты көрмелерге де қатысып отырады екен.
Кенен Сөнмез, оқушы:
- Роботтан сабақ соңында бестік алу деген ерекше сезім екен. Адам сияқты қозғала алмаса да, пікірлері өте орынды болды.
Моника Мезарос, оқушы:
- Робот мұғалім маған ұнады. Оқушылармен жақсы байланыс орната алады деп ойламаған едім. Тәп-тәуір сабақ бере алады екен.