Қытайда жаңа кітаптың тұсауы кесілді

Бейжіңде Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы туралы жаңа кітап жарық көрді. Үш тараудан тұратын монографияда «Әділетті Қазақстан» және «Қытай арманы» сияқты екі мемлекетте жүзеге асып жатқан негізгі бағдарламалар байланыстырылған.

Қос мемлекеттің даму стратегиясының мүмкіндіктері мен перспективалары туралы жазылған. Жинаққа 30-дан астам қазақ-қытай сарапшылары мен ғалымдарының мақалалары енгізілді. Авторлар екі елдің қарым-қатынасына бағытталған тәжірибелері мен  байланысты одан әрі дамыту жөніндегі болжамдарын қосқан. Еңбектің мазмұны Бейжің халықаралық клубында таныстырылып, тұсауы кесілді. Салтанатты іс-шараға екі елдің саясаттанушылары, ғалымдар мен дипломаттар қатысты.

Айдар Әміребаев, Философия, саясаттану және дінтану институты саяси зерттеулер орталығының директоры:

- Әр мемлекет өз ұлттық мүддесін ойлайды ғой. Біз де Қазақстың мүддесі. Осы Қытай – біз үшін үлкен алпауытты мемлекет, зор нарық. Одан қазақ үшін, өз еліміз үшін үлкен пайда шығарсақ деп ойлаймыз. Осы жағынан біздің қазақтың жастары, оқырмандары осы кітапқа дұрыс көзқараспен оқыса, тоқыса...