Сирияға Түркиядан 35 мыңнан астам босқын оралды

Сирияға Түркиядан 35 мыңнан астам босқын оралды

Сирияда билік ауысқалы Түркиядан 35 мыңнан аса босқын отанына оралды.

Бұл туралы түрік елінің Ішкі істер министрі хабарлады. Оның айтуынша, 8-29 желтоқсан аралығында 35 114 азамат Түркиядан Сирияға кеткен. Күніне 1,7 мыңдай адам қайтып жатыр. Бүгінде түрік елінде шамамен 2,9 миллион сириялық босқын өмір сүреді.