Қытайда 4,8 балдық жер сілкінісі тіркелді

Қытайдың солтүстік-батысындағы Нинся-Хуэй автономды ауданында 4,8 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жерасты дүмпулері ішкі Моңғолиядағы Ухай мен Баяннұр аудандарында да сезілген. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Зілзала ошағы 10 шақырым тереңдікте болған. Жағдайды бақылау үшін табиғат апаты тіркелген аймаққа 105 маманнан жасақталған бригада жөнелтілді.

1900 жылдан бері Қытайда жер сілкінісінен 550 мыңнан астам адам опат болды. Бұл жер шары бойынша зілзала құрбандарының 53%-і.