2024 жылы әлемде саяси шиеленіс көп тіркелді
2024 жыл жанжалға толы жыл болды.
"Армд конфликт локейшн енд ивент дейта" ((Armed Conflict Location and Event Data)) коммерциялық емес ұйымының өкілдері осылай деп отыр. Олардың дерегінше, былтыр саяси шиеленістер 2023 жылмен салыстырғанда төрттен бірге артқан. Бұл ретте Таяу Шығыс ең қауіпті аймақ деп танылды. Мұнда палестиналықтардың 81 пайызы қарулы қақтығыстың зардабын тартып отыр. Орта есеппен өңірде күн сайын 52 қауіпті оқиға тіркеледі екен. Статистиканы құру кезінде мамандар кісі өлімі, қауіп-қатер, қарулы қақтығыстар секілді көрсеткіштерді негізге алған.