Египет Сирияға 15 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Билік ауысқан Сирияға Мысырдан гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы жеткізілді. 15 тонна азық-түлік пен дәрі-дәрмек артқан ұшақ жуырда Дамаск әуежайына қонды. Енді Шам еліндегі Қызыл Жарты Ай ұйымы оны мұқтаж жандарға үлестіреді.

Египет билігінің айтуынша, Сирияға алдағы уақытта гуманитарлық жүк артқан тағы бірнеше ұшақ жіберіледі. Осылайша азаматтық соғыстан зардап шеккен азаматтарға барынша қолдау көрсету көзделіп отыр.