Қырғызстанда метапневмовирусты екі адам жұқтырған

Қырғызстанда метапневмовирусты жұқтырудың екі оқиғасы расталды. Бұл туралы көрші елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.

Қытайда да осы вирусты жұқтыру деректері тіркеліп жатыр. Арасында әсіресе 14 жасқа дейінгі бала көп. Індет солтүстік аудандарда тез тарап жатыр.

«Метапневмовирусты жұқтыру белгілері тұмаудікіне ұқсас. Бірақ асқынған кезінде бронхит не пневмонияға өтіп кетіп, вирус балалар, қарттар мен иммунитеті әлсіз адамдар үшін қауіп төндіреді», – дейді мамандар.