Қара теңізде төгілген мазуттың кесірінен 30-дан астам дельфин қырылып қалды

Қара теңіздегі Керіш бұғазында төгілген мазуттың кесірінен 30-дан астам дельфин өлі табылды. Бұл туралы Ресейдің «Дельфа» ғылыми-экологиялық дельфиндерді құтқару орталығы хабарлады. Мамандар бұл көрсеткіш бұрын-соңды болмағанын айтады. Теңіз жануарының басым бөлігі апаттан кейінгі 10 күн ішінде қырылып қалған.

Еске сала кетейік, 15 желтоқсанда Керіш бұғазында мазут тиелген ресейлік танкер төңкеріліп, апатқа ұшыраған болатын. Төтенше жағдайдан соң Анапа және Темрюк аудандарында 5 мыңға жуық құс құтқарылды.