АҚШ-та боран салдарынан бес адам көз жұмды

АҚШ-та қар борап, дауыл күшейді.

Осының салдарынан 5 адам көз жұмды. Сондай-ақ 400 адам жарақат алған. Күн райының қолайсыздығына байланысты 7 штатта Төтенше жағдай режимі жарияланды. Әсіресе Канзас, Миссури және Вирджинияда жағдай қиын. Мұндағы қардың қалыңдығы 35 см-ге дейін жетеді. Қатты желдің әсерінен электр сымдарына зақым келген. Қазір 260 мың тұрғын жарықсыз, жылусыз отыр. Сондай-ақ ел бойынша 7 мыңнан астам рейс тоқтатылды. Көктайғаққа байланысты барлық жол-көлік қатынасы тоқтады. Мектептер де жабылды.