Тибетте жойқын жер сілкінісінен 53 адам қаза тапты
Қытайдың оңтүстік-батысындағы Тибет автономиялық ауданында магнитудасы 7,1 болатын жойқын жер сілкінісі болды.
Салдарынан 53 адам опат болып, 60-тан астам адам ауыр жарақат алды. Бұл туралы "Синьхуа" ақпарат агенттігі хабарлады. Зілзала ошағы Непалмен шекараға жақын Тингри уезінде 10 шақырым тереңдікте тіркелді. Қытай сейсмологиялық орталығының мәліметі бойынша жер сілкінісінің күші 7 балды құраған. Тербеліс Непал астанасы Катмандуда сезілді. Қазір табиғи апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.