АҚШ Ливанға $95 млн әскери көмек бөлді

АҚШ Ливанға 95 млн доллар көлемінде әскери көмек бөлді. Қаржы араб елі сарбаздарының біліктілігін арттыруға, шекара күзетін күшейтуге, лаңкестік және «Хезболла» ұйымымен күреске жұмсалады.

Негізінен бұл ақша басында Мысырға берілуі керек болатын. Бірақ «Ақ үй Каир билігі қаржыны мақсатына сай игере алмайды деген шешімге келді», - деп жазды «Рейтер» агентті.  Сондай-ақ америкалық саясаткерлер Мысырдағы адам құқықтарының тапталу оқиғалары жиіледі деп есептейді.