Перу парламентінде етегі қысқа көйлек киюге тыйым салынды

Перу парламентінде етегі қысқа көйлек киюге тыйым салынды

Перу Конгресі қызметкерлеріне етегі қысқа көйлек киюге тыйым салды, деп хабарлайды 24kz.

Сондай-ақ парламент жұмыс кезінде джинс, қысқа шалбар және кроссовкамен жүруге болмайтынын ережемен бекіткен. Қазір Перуде жаз. Бұл мезгіл желтоқсанда басталып, сәуірге дейін жалғасады. Бірақ бір қызығы, аталған тыйым 130 депутатқа қатысы жоқ, олар тек парламенттегі қызметкерлерге арналған. Кейбір депутаттардың өзі бұл шектеуге наразылық білдірді. Ал кейбір нәзік жандар қолдап жатыр.

Сусел Паредес, Конгресс депутаты:

- Қысқа көйлектің ешкімге зияны жоқ. Конгреске соншама қатал болудың не қажеті бар? Әлде біз монастырьда жүрміз бе?

Марилу, Лима тұрғыны:

- Мен Конгресте қысқа көйлек киюге салынған тыйымды толық қолдаймын. Бұл – мемлекеттік мекеме. Онда қысқа көйлек киіп, ашық-шашық жүруге болмайды.