Францияда екі жолаушылар пойызы соқтығысты
Францияның Страсбург қаласында екі жолаушылар пойызы соқтығысты. Соның салдарынан 50 адам жарақат алды. Қазір олардың барлығы ауруханада. Дәрігерлердің айтуынша, жолаушылардың жағдайы тұрақты. Алдын ала дерек бойынша пойыздардың бірі басқа жолға түсіп кетіп, екінші құраммен соқтығысқан.
Апаттың мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында жедел әрекет ету топтары жұмыс істеп жатыр.