Лондонда экобелсенділер Ч. Дарвин зиратындағы құлпытасқа бояу төкті
Лондонда экобелсенділер Чарльз Дарвиннің зиратындағы құлпытасқа сары-қызғылт бояу төгіп, «1 жарым градус – өлім» деген жазба қалдырды. Бұл вандализмді Just Stop Oil экологиялық ұйымы өз мойнына алған.
Полиция құлпытасты былғағандарды дереу қамауға алды. «1 жарым градус» ғалымдар мен Біріккен Ұлттар Ұйымы сақтану керек деген ғаламдық жылынудың қауіпті межесі болатын. Былтыр жер бетіндегі орташа температуға оған жетіп үлгерді. Британиялық экологтар бұған үкіметтердің әрекетсіздігі мен зауыт-фабрика, көліктерден бөлінген зиянды қалдықтар себеп деп айыптайды. Олар үнемі наразылық акцияларын ұйымдастырып, жұрт назарындағы көрнекі орындар мен картиналарды бүлдіреді.