Биткоин тағы қымбаттады

Биткоин құны тағы өсті.

Бұл жолы ол 104 мың долларға жетті. "Бинанс" (Binance) биржасының дерегіне сәйкес, кейінгі тәулікте цифрлық валюта 4%-ға қымбаттаған. Ал жыл басынан бері құны 11%-ға артқан. Оның өсімі осы аптада қатты байқалды. Сейсенбіде бір биткоин 96 мың доллардан саудаланды. Цифрлық валютаның күрт өсуін сарапшылар АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың билікке келуімен байланыстырды. Өткен жылдың қарашасында Трамптың Президент сайлауындағы жеңісінен кейін биткоин бағасы тоқтаусыз көтеріле бастады. 17 желтоқсанда тарихи рекорд жаңарып, оның бағасы алғаш рет 108 мың долларға жетті.