Енді Трамптың криптовалютасымен есеп айырысуға болады

АҚШ Президентінің криптовалютасы Трамп мемкоинымен енді есеп айырысуға болады. Цифрлық валютаны Дональд Трамп брендімен тауар сататын сайттар қолдана бастады.

Сондай-ақ Сингапурдың «Травала ком» туристік платформасы да өз клиенттеріне осындай мүмкіндік ұсынып отыр. Ақ үй басшысы 17 қаңтарда алғаш рет өз мемкоинын таныстырған еді. Оның саны шектеулі. Бір миллиард қана. Ұлықтау рәсімінің қарсаңында бұл криптовалюта күрт қымбаттап кеткен. Қазір арзандады бір мемкоин 27 долларға сатылып жатыр.