Meta Д. Трампқа $25 млн айыппұл төлейді
Meta АҚШ президенті Дональд Трампқа 2021 жылы Instagram мен Facebook аккаунттарын жапқаны үшін 25 миллион доллар төлейді. Себебі Ақ үй басшысы шағым түсірген.
NBC News телеарнасының мәліметі бойынша айппұлдан түсетін 22 миллион доллар президент кітапханасының құрылысын қолдауға арналған қорға аударылмақ. Бірақ Meta кінәсін жариялы түрде мойындамайды.
Естеріңізге сала кетейік, корпорация осыдан 4 жыл бұрын Трамптың жақтастары Капитолийге шабуыл жасағаннан кейін саясаткердің жазбалары зорлық-зомбылыққа шақырды деген желеумен оның есептік жазбасын жауып тастаған болатын. Аккаунттар 2 жылдан кейін ғана ашылған еді.