Ватикандағы Сикстин шіркеуі келушілер үшін жабылды. Өйткені мұнда жаңа Рим Папасын сайлау өтеді. Ол келесі аптада басталуы тиіс. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Израиль алдағы уақытта Газа секторына гуманитарлық көмекті кіргізуге рұқсат беруі мүмкін. Америкалық The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, еврей еліне халықаралық қауымдастық тарапынан қысым күшейген.