Президент Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Мәдениет қайраткері, Алматы облысының құрметті азаматы, белгілі кино актері Әлімғазы Райымбековтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Әлімғазы Смағұлұлы қазақ киносының таңдаулы туындыларының бірі «Тақиялы періште» кинофильміндегі Тайлақтың рөлін үлкен шеберлікпен сомдаған. Одан кейін де бірнеше кинокартиналарға түсіп, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», – делінген жеделхатта.

Қазақтың «Тақиялы періштесі» дүниеден өтті

«Тақиялы періште» Әлімғазы Райымбековтің неден қайтыс болғаны белгілі болды

Елбасы белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің туыстарына көңіл айтты