Димаш Құдайберген дерті ауыр баланың арманын орындады

Димаш Құдайберген ауыр сырқатпен күресіп жүрген алматылық баланың арманын Дубай төрінде орындады.

Ол церебральды сал дертіне шалдыққан. 7 жасар баланың арманы өнер иесімен қауышу болған. Қиялындағы ойы жүзеге асып, Димашпен жүздесті. Көңілі толқыған балақайдың өзі де өнерден кенде емес екен. Димаш ағасына әнұранды нақышына келтіріп орындап берді.