Nickelodeon мен TiJi қазақша сөйлей бастады

Мемлекеттік тілде дубляждалған сериалдар мен мультфильмдердің жалпы ұзақтығы 800 сағаттан асады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мақсаттарға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институты  есебінен 570 млн теңге бөлінді. Аударма жұмыстарына шетелдік және қазақстандық компаниялар атсалысты. Көрерменді жалықтырмау үшін контенттер жаңа дауыстармен толықты.

Данияр Қадыров, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары:

Осы «Никелодеон» мен «Тиджи» компанияларының өз саясаты бар халықаралық деңгейде. Соған байланысты айта кетерлігі, Қазақфильм компаниясы, Синематон, МувиДистрибюшн деген компаниялар аударма жасады. Негізі бұл жерде барлық психикалық жағынан да өзіміздің әдет-ғұрпымызға бейнелеу жағынан да оның бәрі сарапталып қаралды. Енді бұл телеканал 180 елде көрсетіп жатқаннан кейін балаларға психикалық ақау келеді деп байқаған жоқпыз. Ондай жоқ.

Сондай-ақ...