Шегесіз мешіт шежіресі

Көркемдігімен көз тартатын көне сәулет ескерткішін өз заманының  атақты көпесі болған Уәли Ахун Юлдашев салдыртты. Мешіт құрылысына Хон Пик есімді архитектор жетекшілік етіп, жүзден аса жергілікті шебер жұмылдырылған. Мың жарым шаршы метрлік ғимарат бірде бір шегесіз ағашты қиюластыру арқылы тұрғызылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айгүл Нұрланқызы, музей қызметкері:

- Кешеннің өзінен бас қақпа және күнделікті бес уақыт намаз оқуға арналған мешіт, Одан кейін  адамдардың сыйымдылығы 1500 адамға жететін үлкен орталық мешіті бар. Жұма намазын оқуға арналған. 122 тіреуі бар сыртында. Ішінде 52 тіреуі бар. Олардың барлығы Іле Алатауындағы сары қарағайдан жасалынған.

Ерекше архитектуралық нысан 30 жылдай ғана Құдайға құлшылық қылатын орын болды. Совет үкіметі орнағаннан соң ғимарат  әскерилердің жатақханасы, тұрғын үй, кинотеатр, тіпті астық қоймасы ретінде пайдаланылды. Тек 1970 жылдардың соңында мемлекет қорғауына алынып, 1982 жылы мұражайға айналды.  

Азамат Мұхаметкәрімов, облыстық Туризм басқармасының бөлім басшысы

- Панфилов ауданына 2021 жылы 17 мыңнан астам адам келген. Ресми статистикалық деректер бойынша. ал, 2022 скл жылдың бірінші жарты жылдықта ғана 9 мыңнан астам келген. СКЛ Панфилов скл ауданындағы туристердің келу объектілер Жаркент музейі 19 ғасырда салынған. Одан кейін Әулие ағаш, Жаркент Арасан және керімағаш санаториялары бар. Одан кейін Қорғас аймағындағы ынтымақтастық аймағы болып табылады.

130 жылдан аса тарихы бар сәулет ескерткішін қалпына келтіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. Соның нәтижесінде көне нысан күні бүгінге дейін сақталып, өңірдегі киелі жерлердің картасына енген туризм ошағына айналып отыр. 

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов