«Келінжан» фильмінің премьерасына халық көп жиналды

Көрерменнің ықыласын алған «Келінжан» телехикаясы толықметражды фильм ретінде үлкен экранға шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Картинада кейіпкерлер өзгермегенімен, оқиға желісі басқаша өрбиді. «Келінжан» фильмі ағайын арасындағы түсініспеушілік пен абысындардың ақшаға таласы арқылы өріледі.

Кинотеатрда ине шаншар орын жоқ. Көрермендер өнер адамдарымен суретке түсіп, өзара сұхбат құрды. Көптен күткен фильмнің кейіпкерлері бұрыңғы болғанымен оқиғасы мүлдем басқа.

Телехикаяда абысындар арасыда дау болса да, бауырлар бір-бірімен тату еді. Бұл жолы ағайындылардың бірлігіне ақша сызат түсіреді. Отағасы Темірбектен қалған жер телімін кәсіпкер  сатып алмақ болып, қомақты қаражат ұсынады. Осыны естіген абысындар, бауырлар жерге таласып қалады.  

Гүлнұр Мамасарипова, продюсер:
- Көпшілігі шатастырып жатыр, сериалдың жалғасы ма немесе бүкіл сезондарда жиналған оқиғалардың жиынтығы ма? Жоқ, бұл кәдімгі бас-аяғы бар өзі бөлек дүние. Біз төрт маусым бойы Хабар арнасынан Келінжан телесериалын көрермендерге көрсеттік. Ендігі кезекте осылай толықметражды фильм түсіріп, үлкен экрандарға шығарып отырмыз.

Қара шаңырақтың иесі Күлімхан апа ұлдары мен келіндерінің қырғи-қабақ болғанын көріп, даулы мәселеге ақылды шешім шығарады.

Дәриға Бадықова, актриса:
- Әр келіннің мінез, қылығына шыдап беру деген әрбір ененің қолынан келе бермейді қазіргі заманда. Мен айтамын да бұрыңғы мына мөржан енелер жоқ қазір мына заманда. Сондай бір мөржанның қылығын көрсетеді осы фильмде. Егер де ол түсінген, анализ жасап түсінетін болса сол нәрсе көрсетіледі фильмде.

Жалпы «Келінжан» жобасының мақсаты–келін тәрбиесі, ененің қайсарлығын, абысындар мен бауырлар арасындағы дауға нүкте қоя білетін даналығын көрсету. Нағыз енелердің образы осы фильмде толық ашылады. Комедиялық туынды ертеңнен бастап кинотеатрлардан көрсетіледі.
Авторлары: Аршын Кемелжан, Мұхит Құдықбаев

 

 

 

Сондай-ақ...