Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы 2025 жылға дейін 100% өседі

Мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы 2025 жылға дейін 100 пайызға өседі.

Жамбыл өңіріне жұмыс сапарымен барған Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев осылай деді.  Тұрғындармен кездесу барысында аймақтағы мәселелер айтылып, шешу жолы қарастырылды.

Жамбыл облысы тұрғындарымен кездесуде Дәурен Абаев қатысушылардың барлық сауалдарына жауап берді. Мәселелі деп қойылған алғашқы сұрақ – жалақыға байланысты болды. Себебі сала қызметкерлері айлықты көтеру бойынша ұсыныс білдірген болатын. Енді міне  министрмен кездесуде нақты жауап алды. 

Дәурен Абаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Жалақы көтеріліп жатыр 2021 жылдан бастап. 25 жылға дейін 100 пайызға дейін 20\20 пайызға көтеріліп, 100 пайызға дейін жетеді. Екі есе жалақылары көбейеді. Бірақ та біз инфляция мәселесін де түсінеміз. Мемлекет жалақыны көтеруге ынтасы жоғары. Бірақ та бұл экономика нарықтың кірісі бар шығасы бар бәрін есептеу керек.

Жиында жас мамандарды уақытша баспанамен қамту, мәдениет салсындағы техникалық қызметкерлердің айлығын арттыру мәселесі көтерілді. Министр мұның бәрін қарастырып, үкіметке ұсыныс жасайтынын жеткізді. Аймақта биыл Арт спортын қаржыландырудан қиындықтар туындаған еді. Жауапты ведомство басшысы келер жылы мәселе болмайды деп сендірді. Себебі бұл бағытқа 2 млрд теңге бөлінген. Шарада спортшыларға өмір бойы берілетін төлемақы жайы да көтерілді. 

Гузалия Гафурова, каратэ-додан үш дүркін әлем чемпионы:

- Сол списокке Азия ойындарының жеңімпаздарын қоссаңыздар. Өйткені олимпиадалық емес спорт түрлерінің ең биік шыңы – Азия ойындары болып табылады. Азия ойындарына тура олимпиадалық ойындар сияқты 4 жылда бір рет өтеді. Бірақ Азия мемлекеттерінің арасында. Бірақ ірікеуі дайындалуы, дайындалу барысы бәрі олимпиадалық ойындамен екеуі бірдей. Соны қарастырып берсеңіз.

Ктм: Кездесу барысында «Ежелгі Тараз» мұражайы да сөз болды. Министр жергілікті билікпен бірігіп, ғимаратты министрліктің балансына алу жайын қарастыратынын мәлімдеді. Басқосудан кейін тұрғындар мен сала мамандарын жеке қабылдап, мәселелерін назарға алды.

Мерей Бает, Тимур Сейілхан, Руслан Ахатіллә

Сондай-ақ...