Алаш арыстарының еңбектері жинақталған қос кітаптың тұсаукесері өтті

"Қазақ" газетінің жарыққа шыққанына 110 жыл толуына орай елордада Алаш арыстарының еңбектері жинақталған қос кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына арналған жаңа сайт ашылды. "baitursynuly.kz" порталында Ахаңның еңбектері мен суреттері және құнды деректер жиналған. Мұндағы ақпарат үнемі жаңарып отырады. Одан бөлек жиында ғалымның қазақ, ағылшын, түрік және орыс тілдерінде тұңғыш жарық көрген таңдамалы шығармалары жария етілді. Сондай-ақ "Алаш қозғалысы: дерек пен дәйек" кітабы да жұртшылықтың назарына ұсынылды. Мұнда ұлтқа қызмет қылған қайраткерлердің осыған дейін көпке беймәлім болған еңбектері бар. Құнды қағаздар Ресей мен Өзбекстанның 5 мұрағатынан табылған.

Нұрлыхан Аитова, «Тіл-қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы: 

- Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлердің, алаш арыстарының бір-біріне жазған хаттары, соларға қатысты құжаттар. Мысалы, Дулатовтың Оян Қазақ шығармасын сол кезде арестке қойған, Сол туралы үлкен құжаттық ақпараттық дүниелер енгізілді. 04:33 Одан басқа да Алаш қайраткерлерінің, Ахаевтың басқа да Мағжан Жұмабаевтың жарияланбаған өлеңдері деген сияқты материалдарға қол жеткізіліп отыр.