Astana ballet театрына 10 жыл толды
Astana ballet театрына - 10 жыл.
Шығармашылық ұжым мерейтойлық маусымында көрерменге қызықты әрі мазмұнды қойылымдар ұсынбақ. Мұны театр директоры Александр Совостьянов айтты. Қазақстандағы Франция елшілігі жыл сайын Франкофония көктемі деген атаумен мәдени іс-шара өткізеді. Биыл театр көрермендері үшін, елшіліктің де тартуы бар. Франция ұжымы, елімізде алғаш рет өнер көрсетіп, 9-шы сәуірде Astana ballet театрының сахнасында, көрермен назарына әйгілі « Кастард» қойылымын ұсынады.
Нұрлан Қанетов, Astana ballet театрының көркемдік жетекшісі:
- «X-мерейтойлық маусым» – бұл біз үшін ғана емес, жалпы елдегі театрлар үшін де маңызды оқиға. Осы маусымда біздің көрермен сүйікті балеттерін де, жаңа қойылымдарды да тамашалайды. Бұл қазақстандық жас хореографтар Айнұр Әбілғазинаның қойылымындағы «Soli Deo Gloria» және Олжас Маханбеталиевтің «Nine» атты қойылымдары. Сондай-ақ І республикалық «Ашық Сахна» жас хореографтар байқауының жеңімпазы «Жеті қазына» туындысы. Алдағы маусымдағы ең жарқын қойылымдар осы.