Құрманғазының күйлері жайлы мультсериал жарыққа шықты
Қазақ күйлері жайлы мультсериал жарыққа шықты.
Анимациялық студия көрермендерді "Дала шырқауы" атты өздерінің дебюттік жобасымен қуантты. Бұл мультсериал атақты күйші Құрманғазы Сағырбайұлына арналған. Жоба авторларының айтуынша, анимация арқылы жастарға, балаларға төл тарихымызды насихаттау жеңіл болады. Өйткені қызығушылық жоғары. "Дала шырқауы" мультсериалының алғашқы маусымы 13 бөлімнен тұрады. Әзірге бірінші бөлімі ғана шыққан. Екінші сериясы келесі аптада көрерменге жол тартады деп жоспарланған.
Санжар Жүсіп, жобаның арт-директоры:
- Сценарийді өзіміз жазып жатырмыз.
- Басында бізде адам көп болған жоқ. Біз 14 адаммен бастап едік. Бірінші серияны жасау 6 айға дейін созылып кетті. Қазір адам көбейді 1 серияға 2,5-3 ай кетеді.
- Қызығып ізденіп жатқан кезде қазақтардың күйдің 3-4 мектебі бар екенін көзім жетті. Енді әрбірін ашу керек. Келесі сезондар соған арналады. Күйшілердің бірі біз таңдаған Сүгір болады.