Алматыда «Ортеке» қуыршақ театрларының фестивалі басталды

Алматыда «Ортеке» VI Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі басталды.

Он күндік Өнер мерекесінің ашылу салтанаты Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрында өтті. Жетінші рет ұйымдастырылған фестивальде Қазақстан, Грузия, Түркия, Корея, Өзбекстан және Қырғызстанның қуыршақ театрлары өнер көрсетеді. Жалпы саны 12 спектакль қойылады. Қойылымдар қатысушы ұлттардың өз тілдерінде болады. Өнер ұжымдары арасынан ең үздік спектакль, ең үздік музыкалық көркемдеу, ең үздік суретші, ең үздік актерлік және режиссерлік жұмыс аталымдары бойынша  жеңімпаздар анықталып, ақшалай сыйлықпен марапатталады. Сондай-ақ Темрібек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері де қатысып, қуыршақ театры шеберлері алдында өнер көрсетеді.

Гүлнафиз Мырзашева, «Ортеке» VI халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінің ұйымдастырушысы:

- Бұл фестивальдің ерекшелігі ең кішкентай көрермендерден бастап, ересек балаларға дейін үлкендерге де арналған қойылымдар көрсетіледі. Одан басқа конкурстан тыс қойылымдар бар, шеберлік сыныптары бар. Барынша қамтып, осы Қазақстандағы қуыршақ театры өнерін дамытуға ықпал етіп жатырмыз.