Елордада кітапханашылар бас қосты
Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында елордада "КІТАП. БІЛІМ. ТІЛ" фестивалі өтті.
Ашық аспан астындағы шарада Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов өңірлерден келген үздік кітапхана қызметкерлерін және сала ардагерлерін жоғары наградалармен марапаттады. Кітапханашы мамандығының мәртебесін өсіруге бағытталған фестиваль Ұлттық академиялық кітапхана ауласында ұйымдастырылды. Ал "Кітап оқу – жетістік трамплині" атты NetWorking шараға жазушылар, журналистер, редакторлар мен кинорежиссерлер қатысты. Бағдарламада "Books-Top" көрме-жәрмеңкесі, антикварлық, қолтаңбалар және art-шеберлік сағаттары өтті. Тәжірибелі мамандар медиажобалар, медиа-сауаттылық, мобилография және SMM технологиялары сынды өзекті тақырыптарды қозғады.
Асхат Оралов, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
- Жалпы ел көлемінде 11 мың кітапханамыз бар. Соның ішінде 4 мыңға жуығы біздің министрлікке бағынышты. 74 млн кітап қоры бар. Соның тұжырымдамасын әзірлеп, жаңаша қолжетімді қыламыз деген ниетіміз бар. Әр облыста кітапханаларымыздың концепциясын өзгертеміз деген ниетіміз бар.