Атырауда танымал театр тарланына арналған салтанатты шара басталды
Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, көрнекті режиссер, сахна саңлағы, «Атырау облысының құрметті азаматы» Чапай Зұлқаш атындағы бірінші республикалық режиссерлер мен сценографтардың фестиваль-форумы шымылдығын түрді.
Жиынға елдің түкпір-түкпірінен келген 6 өнер ұжымы қатысуда.
Еліміздің ең белді 6 өнер ұжымы сахна саңылғана құрмет көрсету үшін Атырауға жиналды. Олар 4 күн бойы өнер сүйер жұртшылыққа қызмет көрсететін болады. Сондай-ақ бүгінгі форумға Чапай Зұлқаштың шәкірттері, белгілі театр-кино актерлері мен сыншылар, өнертанушылар да шақырылған.
Сағызбай Қарабалин, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік жастар театрының режиссері, актер:
- Творчествамен айналысуымда Чапай ағаның орны бөлек. Ол кісі маған жетекші болған Алматыға оқуға барғанымда «Қазақфильм» киностудиясында дубляж сахнасында кездескен едік. Сонда мені ой балам деп, мені құшақтап ақылын айтып, батасын берген еді.
Чапай Зұлқаш саналы өмірін театр мен кино өнеріне арнаған айтулы тұлға. Танымал актер, білікті режиссер еді. Ол Атыраудан өзге Семей, Алматы театрларында жетекшілік етіп, жүздеген жас актерлерді тәрбиелеп шығарды.
Еркін Жуасбек, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, фестиваль-форумның төрағасы:
- Өнерімізде, руханиятымызда, әдебиетімізде өшпес із қалдырған үлкен тұлғаларды ұлықтау тәрбиелік мәні бар шара деп білемін. Шын мәнінде Чапай Зұлқаш деген ол қазақ сахна өнерінің ірі тұлғаларының бірі. Қазақ сахна өнерін дүрілдетіп Мәскеуге апарып, Кремль Сарайында «Арманым-Әселім» спектаклінде ойнаған бірден-бір актер осы Чапай Зұлқаш.
Атырауда тұңғыш ұйымдастырылған фестиваль-форумға еліміз бойынша іріктеу кезеңінен өткен ең үздік өнер ұжымдары келді. Театр ұжымдары реттік кезекпен сахнаға шығып, бір-бір туындыдан қояды. Спектакльден бөлек режиссура және сценография бойынша жас мамандарға шеберлік сағаттары ұйымдастырылады.
Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев