Ресей, Өзбекстан мен Кореяның танымал дизайнерлері Алматыға келді
Ресей, Өзбекстан мен Оңтүстік Кореяның танымал дизайнерлері Алматыға келді.
Kiswah Fashion Show біздің елде алғаш ұйымдастырылып отыр. Мұнда жұртшылыққа күнделікті киетін қарапайым киім үлгілері көрсетілді. Отандық дизайнерлер де өз қолдарынан шыққан дүниелерімен мақтанды. Әр елден келген сәнқойлар да өзара тәжірибе алмасты. Бұл бір жағынан елге туристердің назарын аударады дейді мамандар. Сән ндустриясын дамытуға да үлес қосады. Ең бастысы мұнда көрсетілген киім үлгілері аса талғампаздықпен жасалып, түрлі түсті өрнектер мен ерекше детальдарға бай болғанмен барлық адмадарға қолжетімді», дейді Оңтүстік Кореядан келген дизайнер Ли Джин Хи.
Ли Джин Хи, дизайнер:
-Менің топтамамда ұлттық нақыштар көп қолданылған. Яғни, ұлттық киімді барынша күнделікті киіп жүруге ыңғайладық. Үйлесімді болуына мән бердік. Қазақстандық дизайнерлерді де жақсы білемін. Беталыстары өте жақсы. Бүгін осы сән саласында жүргендер талғамға сай, қарапайым және заманға сай ерекше көрік беретін жинақы киім үлгілерін ұсынды. Жиналған халық өте жақсы қабылдады.