Астанаға Жапония Қорғаныс-теңіз күштерінің оркестрі келді
Жапония Қорғаныс теңіз күштері оркестрі Астанаға келді.
Оркестр халықаралық әскери-сазды фестивальге қатысады. Бұл іс-шара Елорданың 25 жылдық мерейтойы шеңберінде өтпек. Музыканттар Күншығыс елінің мәдени мұрасын таныстырып, отандық авторлардың да шығармаларын орындайды. Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Джун Ямада оркестрдің Орта Азияға алғаш рет аяқ басқанын айтады. Бұл сапар қос елдің мәдени-гуманитарлық саладағы байланысын нығайта түспек дейді ол.
Джун Ямада, Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:
- Біз Жапония Қорғаныс күштерінің 69 жылдығына орай қабылдау өткізіп, қонақтарды күтіп алдық. Жапониядан 50 музыкант келді. Олар қазақстандықтарға қуаныш сыйлап, мерекемен құттықтау үшін келді. Олардың концерті көпшіліктің көңілінен шығады деп ойлаймын.