Димаш Абайдың туған күніне орай челлендж бастады

Әнші Димаш Құдайберген Абай Құнанбайұлының туған күніне орай челлендж бастады.

Бұл жайында ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялады. Әнші Ұлы ақынның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айтып, өз оқырмандарын бастаманы жалғастыруға шақырды. Хакім Абайдың кез келген шығармасынан үзінді оқып, бейнежазбаны #абайчеллендж хештегімен орналастыруына болады. Айта кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен 10 тамыз күні елімізде Абай күні тойланады. Биыл Ұлы ойшылдың туғанына 178 жыл толады.