Астанада «Bridge of Times» музыка кеші өтті
Жексенбінің кешінде астанада «Bridge of Times» музыка кеші өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сахна төрінде этно-фольклорлық бағыттың белді өкілі – «Тұран» ансамблі өнер көрсетті.
Қасиетті қара домбыраның шанағынан төгілген рухты күй келушілерге ерекше шабыт сыйлады. Дауылпаздың өршіл үні мен жетігеннің сырлы сазы қатар әуелегенде елітпеген адам жоқ шығар. Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақтоты Райымқұлова мен «Италия Жұлдызы» Орденінің иегері, белгілі опера әншісі Медет Чотабаев, өзге де мәдениет майталмандары қадірлі қонақ ретінде қатысты.