Таразда республикалық фотобайқау қорытындысы жарияланды
Таразда республикалық фотобайқаудың қорытындысы жарияланды.
Сайысқа еліміздің 30-ға жуық кәсіби және әуесқой фотографы қатысты. Олар көне Тараз туралы 170 сурет ұсынған. Жеңімпаздар онлайн форматта анықталды. Байқау қорытындысы бойынша Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан облысының фотосуретшілері үздік деп танылды.
Мәселен, Самат Мырзалиевтің айтуынша, сәтті кадрды түсіру үшін кемі бір сағат уақыт кетеді.
Самат Мырзалиев, фотограф:
- Суретке түсіруге екі күнге келдік. Бірінші күні әрине жақсы қолайлы болды. Сол сәтте біз осындай жақсы - жақсы суреттер түсіріп үлгірдік. Кешкі «алтын уақыт» деп аталады бұл уақыттар. Күннің батардағы жарты сағат алдын және жарты сағат кейін. Сол уақытта әдемі – әдемі кадлар алып үлгірдік.
Жеңіс Ысқабай, қазылар алқасының мүшесі:
- Бұл жерде тек қана архитектуралық келбет емес, бұл жерде адамдары, мысалы балалары болсын, яғни осы елдің толықтай табиғаты мынау Тараз қаласының көркемдігін көрсету болды басты мақсат.