Атырауда суретшілердің симпозуимы өтті
Атыраудағы Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейінің қоры тың туындылармен толықты.
Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған апталық аясындағы республикалық симпозиумда салынған суреттер музейге табысталды. Еліміздің әр өңірінен келген 15 суретші Атырау топырағында туып, мәмлүктер мемлекетін гүлдендірген тұлғаның кескін-келбетін бейнеледі. «Дала барысы – Мысырдың Бейбарысы» атты симпозиумның көрмесін тұрғындар екі апта бойы тамашалай алады.
Жұмақын Қайрамбаев, ҚР Суретшілер одағының мүшесі:
- Асыл тастардың бәрі шашылып сыртта қалып отыр. Енді қазір қайтадан ес жиіп, еске алып, осындай асыл тастарымызды жинайтын уақыт болды. Енді бірінші бір топ суретші бірінші рет асыл тасымыздың брі, Бейбарыс атамызды Атырауға әкеліп кіргізіп жатырмыз.
Төлеген Орынбасарұлы, Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің директоры:
- Жазушылар үлкен кітаптарымен Бейбарысты бейнелесе, суретшілер қылқалам ұшымен кенепбетіне, Бейбарыстың өмірін, сол кезеңді, сол заманды тамаша салды деп есептейміз. Музейіміздің қоры байып қалды 15 туындымен.