Павлодар облысының симфониялық оркестрі Италияда өнер көрсетеді
Павлодар облысының симфониялық оркестрі 21-ші шығармашылық маусымын ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өнер ұжымы көрермендерге танымал композиторлардың классикалық шығармаларын ұсынды. Алғашқы концерттік бағдарлама әдеттегідей Петр Чайковскийдің туындыларынан бастау алды. Музыканттар желтоқсан айында гастрольдік сапармен Италияға аттанады. Олар Еуропа жұртшылығын классикалық шығармалармен қатар қазақ музыкасының жауһарларымен таныстырмақ.
Алмас Нұғыманов, облыстық симфониялық оркестрінің музыканты:
- Симфониялық оркестр халыққа Чайковскийдің бесінші симфониясын тарту етейін деп жатыр. Ол 4 бөлімнен тұрады. Әр бөлім қызықты десек болады және де екінші шығарма – ол Римский-Корсаковтың үшінші шығармасы – «Шахерезада». Одан үшінші және төртінші бөлімдерін ойнаймыз. Осындай шығармамен біз облыстық симфониялық оркестрдің маусымын ашайық деп жатырмыз.