Күйші Оразбек Сәрсенұлының 100 жылдығына елордада «Қызылқұм сарыны» концерті өтті
Белгілі күйші Оразбек Сәрсенұлының 100 жылдығына орай бүгін елордада «Қызылқұм сарыны» атты мерекелік концерт өтті.
Қазақ ұлттық өнер университетінің «Дәстүрлі музыкалық өнер» факультеті даңқты күйшінің бірнеше шығармасын орындады. Шарада тарихи тұлғаның туыстары жылы естеліктерімен бөлісіп, өнертанушылар мен студенттер пікір алмасты. Айта кеткен жөн, Оразбек Сәрсенұлы - Кеңес дәуіріндегі қилы заманға қарамастан, атадан қалған дәстүрді сақтай білген эпик-күйшілердің бірі және бірегейі. Осыған байланысты ер есімін насихаттау жұмыстары оңтүстік өңірімен шектелмеуі керек, дейді елге еңбегі сіңген қайраткер Жанғали Жүзбай.
Жанғали Жүзбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
- Қазіргі кезде Атырау күйшілік мектебі десек, елдің бәрі біледі. Сарыарқа, Теріскей, Қаратау мектептері десек, елдің бәрі біледі. Ал Күнгейдің күйшілік мектебі десек, күмілжіп қалатын жағдайлар бар бізде. Ол неліктен? Себебі мынау Қызылқұм өлкесі ежелгі көшпенділердің ордасы болған. Түркістан мұхтариятының орталығы болған. Құйқалы жер. Сол жерде кейін Кеңес дәуірінде аграрлық өнеркәсіп пайда болды.