Елордалық өнерпаздар Түркияны мерейтойымен құттықтады
Түркия төрінде қазақ музыкасы шырқалды.
Астана әкімдігінің қолдауымен елордалық өнерпаздар осылайша түрік халқын республиканың 100 жылдық мерейтойымен құттықтады. Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары қазақтың күйін күмбірлетіп, әнін шырқады.
Тоғжан Жахинов, "Сарыарқа" музыкалық ансамблінің көркемдік жетекшісі:
- Төрт күннен бері әртістеріміз өз өнерін көрсетіп, ұйымдастырушыларға рақметімізді айтамыз. Жақсы қарсы алып жатыр, түрік бауырларымыз. Біздің өнерпаздарымыз да өте қуанышты. Дан- жақты бағдарламаларымызды көрсетіп, өнерімізді паш еттік. Аспаптарымызды, әншілерімізді, әндерімізді. Жалпы халықтар жақсы қарсы алып жатыр. Сондықтан үлкен рақмет айтамын. Болашақта да осы түрік бауырларымыз бен қазақтар арасында қарым-қатынас одан да нығайып, мәдени және саяси қарым-қатынасымыз үлкен деңгейде болсын деп тілеймін.
Нургүл Сөғұт, көрермен:
- Бүгінгі кештен кейін Қазақстанға барамын деп шештім. Өнері, мәдениеті керемет. Атажұртты өз көзіммен көріп, қазақтардың тұрмысымен танысқым келеді. Ұйымдастырушыларға мың алғыс.