Қазақстан ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетіне сайланды
Еліміздің кандидатурасын 118 мемлекет қолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Енді біздің тарап алдағы 4 жылда мәдени және табиғи нысандарды Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу бойынша шешімдер қабылдауға қатысады. Жаңа комитеттің құрамына Вьетнам, Оңтүстік Корея, Кения, Түркия және Украина кірді.
Асқар Әбдірахманов, Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі:
- ЮНЕСКО-ға мүше шамамен 200 мемлекеттің арасынан дүниежүзілік мұра комитетіне 21 мемлекет сайланады. Сондықтан өткен сайлау шынымен бәсекеге толды деп айта аламыз. Қазақстанның осы беделді органға сайлануы еліміздің халықаралық аренадағы жоғары мәртебесінің беделінің арқасы және нәтижесі деп білеміз. Ал ендігі комитет құрамындағы жұмысымыз Қазақстанның халықаралық аренадада да және, аса маңыздысы, еліміздегі бай мәдени және табиғи мұраны қорғау жүйесін жітілдіруге жақсы мүмкіндік береді деп санаймыз.