Түркі халықтарының сән апталығы өтті

Аланияда Халықаралық түркі сән және өнер фестивалі өтті.

Түркия Республикасының 100 жылдығына орайластырылған шараның авторы қазақстандық дизайнер Меруерт Қылышбек.

Үш күн бойы жалғасқан шарада түбі бір түркі халықтарының сән әлемі өкілдерімен қоса Ресей мен Украинаның белгілі дизайнерлері өнер көрсетті. Шараның мақсаты – заманауи киім үлгілерінде ұлттық нақышты ұтымды қолданып, оны сәнге айналдыру.

Халықаралық фестивальде белгілі дизейнерлер шеберлік сабақтарын өткізді.

Мехмет Али Дим, жаһандық журналистер кеңесінің төрағасы:

- Мен бауырлас Қазақстанның осындай шара ұйымдастырғанына өте қуаныштымын. Қазір біз Аланиядағы мәдениетімен, өнерімен, тілімен, әдебиетімен, спортымен және сәнімен Қазақстан халқының және түрік географиясының керемет атмосферасын көріп отырмыз. Халықаралық түркі сән және өнер фестивалі соның бір көрінісі.

Меруерт Қылышбек, ұйымдастырушы:

- Осы шара арқылы түбі бір түркі жұртының төл мәдениетін төрткүл дүниеге паш еткім келді. Фестивальде дизайнерлермен қатар өзге де өнер түрлерін көрсетуге тырыстық. Бұл шараның болашақта да дәстүрге айналуына тілектеспін.