Шуша қаласында түркі әлемі мәдени астаналар қауымдастығы құрылды
Әзербайжанның Шуша қаласында түркі әлемі мәдени астаналар қауымдастығы құрылды.
Тиісті құжатқа тұрақты кеңеске мүше елдердің мәдениет министрлері қол қойды. Қауымдастықтың мақсаты, мәдени астана мәртебесін алған қалалар үміткер шаһарлармен тәжірбие алмасып, ортақ жүйе қалыптастыру. Қауымдастықтың алғашқы төрағасы болып Түркияның Бурса қаласының әкімі Алинур Акташ тағайындалды.
Алинур Акташ, Түркі әлемі мәдени астаналар қауымдастығы басшысы:
- Біз мәдени, тарихи сондай-ақ экономика және туризм салалары бойынша біріккен жобалар жасаймыз. Мәдени қала мәртебесін осыдан 8-10 жыл бұрын алған шаһарлардың да белсенділігін арттырамыз.