Ақтөбеде «Кимешек Fashion» сән көрсетілімі өтті
Ұлттық киім үлгілерін әжелер ансамбльі мүшелері мен өнерде жүрген ақжаулықты аналар көрсетті.
Олар ұлттық баскиім түрлерінің шығу тарихы мен қадыр-қасиеті туралы түсіндірді. Шарада тақия мен бөрік, қасаба мен сәукеле, кимешек-жаулықтың заманауи түрлері де жұрт назарына ұсынылды. Киім үлгілерін жиырмаға жуық тігінші-сәнгер дайындаған.
Қаракөз Сарынова , "Атамекен-Асылым" халықтық аналар ансамблінің жетекшісі:
- Қазақтың ұлттық киімін тек 22 наурызда, не болмаса тағы да наурыз мерекелерінде ғана емес, қазақ халқының қыздары, аналары, жігіттері кез келген мекемелерде, кез-келген көшеде тойларда әдемілеп өзінің жұмыс ырғағына, жұмыс ретіне қарай кию керек негізінде. Ұлттық киімді дәстүрлі түрде күнде киетін киімге айналдыруға болады.